Құрметті ветеринария саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Ветеринариялық қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ветеринария мамандығы – зор жауапкершілікті, кәсібилікті, терең білімді және іске деген адалдықты талап ететін маңызды сала. Күннің ыстығы мен суығына қарамай күн мен түннің кез-келген уақытында жұмыс жасап, әркез жануарларға көмектесуге дайынсыздар.
Сіздер жануарлар денсаулығының күзетінде тұрып, санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығының дамуына баға жетпес үлес қосып келесіздер.
Құрметті әріптестер, Сіздердің еңбектеріңізге, өз ісіңізге деген адалдығыңыз бен кәсібилігіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз.
Осы мерейлі мереке күні дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ұзақ ғұмыр, бақыт пен береке тілейміз!
Еңбекте толағай табыстар мен биік шыңдарға жете беріңіздер!
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы