Перейти к содержимому

Агроолимпиада

    Ағымдағы жылдың 30 маусым мен 4 шілде аралығында Қырғыз Республикасы фермерлер қауымдастығының Ыстықкөл өңірінде агро-олимпиадасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шара жастарды ауыл шаруашылығына тартуға өз әсерін тигізеді.

    Өздеріңізге белгілі, ауыл шаруашылығы – өте жауапты сала. Осы салада еңбек етіп жүрген отандастарымыз осындай іс-шараларға қатысып, тәжірибе жинайды. Осы іс-шараға Алматы облысы Талғар ауданына қарасты шаруа қожалығының басшысы Құдайберген Жасұлан Қанағатұлы қатысты. Ол әр республикадан келген әріптестерімен өз тәжірибесімен алмасты.

    Жасұлан Қанағатұлына табыс тілеп, жаңа биіктерден көрінуіне тілектеспін. Осы іс-шараға қатысқаны үшін Алматы облысы өңірлік фермерлер қауымдастығының атынан алғыс Мағауия Құрманалиев