Перейти к содержимому

Бүгін Жетісу облысында фермерлердің Алқап күні шарасы өтті

    Бүгін Жетісу облысында фермерлердің Алқап күні шарасы өтті. Бұл басқосуды «Август-Қазақстан» компаниясымен бірлесіп Ескелді ауданы Бақтыбай ауылындағы «Дүйсембинов А.К.» шаруа қожалығының аумағында халықаралық дәрежеде ұйымдастырылды. Оған өз облысымыздың, Қырғызстан, Азербайжан, Түркия мемлекеттерінін ауылшаруашылық мамандары қатысты.

    Кездесудің басты мақсаты – ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру саласында тәжірибе алмасу, заманауи агротехнологиялар мен жоғары өнімді ауыл шаруашылығы техникасының үлгілерін көрсету.

    Биылғы жылғы Алқап күнінен айырмашылығы, аймақта қарқынды енгізу жоспарланып отырған дақылдар – рапс, зығыр және үрмебұршақ өсіру технологиясына баса назар аударылды.

    Сонымен қатар бүгін суарудың дискретті әдісі көрсетілді. Бұл суды үнемдейтін технология, оны қолдану оңай әрі қолжетімді екені фермерлерге дәлелденді.

    Ұйымдастырушылар тәжірибе алмасу, жаңа технологияларды көрсету, фермерлердің және ғылым мен бизнестің арасындағы ынтымақтастықты нығайту іс-шараларының маңыздылығын атап өтті. Атап өтсек, «Дүйсембинов А. К.» фермер басшысы Айдын Дүйсембинов – ұзақ жылғы тәжірибесі бар, бүгінде мал және өсімдік шаруашылығымен айналысып келе жатқан табысты кәсіпкер. Оның алқабында бидай, арпа, қант қызылщасы және жемшөп дақылдарын өсірілуде. Облысымызда ең үлкен көлемде қызылша өсірушінің бірі. Биыл біз алғаш рет әртараптандыру қағидатына сәйкес қосымша зығыр, үрмебұршақ, рапс себілді. Бұл тиімділігі жоғары дақылдар аймақтың климаттық жағдайларына төзімді, әрі оларға деген нарық сұранысы жоғары. Бүгінде бұл фермерде төрт шаруашылық, 50 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы және 50 адам тұрақты жұмысшысы бар.

    Фермерлер үшін бұндай Алқап күндерін өткізу облысымызда болашақтада жалғасын таппақ.

    Қазақстан фермерлер қауымдастығы Жетісу облысы филиалының басқарма басшысы Асқар Қалиұлы Шарипов

    24 маусым 2025 жылы