Перейти к содержимому

Кездесу

    25 маусым күні Новосібір облысы делегациясымен бизнес-миссия аясында жұмыс кездесуі өткізілді. Кездесу барысында «Агрофарм» (органоминералды тыңайтқыштар, гуматтар) және «БиоИнновации» (тозаңдандыруға арналған шмель өсіру және жеткізу) компанияларымен әріптестік мәселелері талқыланды. Қонақтар Павлодар облысының фермерлерімен бірлесіп жұмыс істеуге және Қазақстан аумағында өндірісті орналастыру мүмкіндігін қарастыруға қызығушылық танытты. Ынтымақтастықтың болашағы бар бағыттары бойынша келесі қадамдар жоспарланды.