Бүгін Қауымдастықтың облыстық филиалдары басшыларымен zoom-форматында кезекті кеңес өтті. Жиналыста берілген тапсырмаларды орындау барысы талқыланып, алдағы жоспарлар мен міндеттер белгіленді.
Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов соңғы скайп-кеңестен бері атқарылған жұмыстар туралы қысқаша баяндама жасады.
Содан соң әдеттегідей облыстық филиал басшыларына сөз берілді. Атырау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау облыстық филиалдарының басшылары сөз сөйлеп, атқарған жұмыстары, берілген тапсырмалардың орындалуы, фермерлердің проблемалары және оларды шешу жолдары туралы ойларымен бөлісті.
Павлодар облыстық филиалының басшысы Ерлан Токтушаков 5 шілдеде өтетін республикалық семинар-кеңеске дайындық барысы және өткізу бағдарламасы туралы баяндап берді.
Кеңесті қорытындылай келе Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов облыстық филиал басшыларына малдың жемшөбінің қоры, қуаңшылық жағдайы, киіктердің келтірген залалы, 5 шілдеде Павлодар қаласында өткізілетін республикалық семинар-кеңеске қатысу, мемлекеттік, кәсіби, өзге де мерекелер мен мерейтой күндерін мерекелеуге байланысты өндірісте жоғары жетістіктерге жеткен фермерлерді марапаттауға лайықты кандидатураларды уақытында ұсыну, әлеуметтік желілерде өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды, фермерлердің тұрмыс-тіршілігін көрсету мәселелері бойынша тиісті тапсырмалар берді.

