Перейти к содержимому

Кездесу

    025 жылғы 12 маусымда Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен бірлесіп, Қытай (China International College Students Innovation Competition, CICSC) және Орталық Азия елдері жоғары оқу орындары студенттері арасындағы Халықаралық инновациялық байқау аясындағы «Қытай – Орталық Азия» жастар инновациялық лагерінің ашылу рәсіміне қатысты.

    Бағдарлама аясында осы шараға студенттік жобалардың тұсаукесерлері, сарапшылардың баяндамалары, жастардың инновациялық панельдік пікірталастары өтті.

    Бүгінгі іс-шара трансшекаралық ғылыми және білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, дарынды жастарды қолдауға және Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған.

    Осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шара халықаралық ғылыми ынтымақтастық пен жас таланттарды анықтаудың маңызы зор деп есептейді.

    Все реакции:

    11