Перейти к содержимому

Кездесу

    Бүгін Қауымдастықтың орталық кеңсесінде Павлодар облыстық филиалының басшысы Ерлан Токтушаковпен кездестік.

    Кездесуде 5 шілдеде «Ертіс-Агро» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының базасында өткізу жоспарланып отырған «Кооперация – табысқа кілт» тақырыбындағы республикалық конференцияға дайындық барысын талқыладық.

    Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов конференцияға шақырылатын контингент құрамы туралы өз ойымен бөлісті.

    Ерлан Токтушаков конференция бағдарламасының жобасымен таныстырып өтті.

    Ауқымды іс-шара болайын деп тұр…

    Алда 1 ай уақыт бар, жақсылап дайындалуымыз қажет!