30 мамырда Қауымдастығымыздың облыстық филиалдары басшыларының және фермерлердің қатысуымен видеоконференция форматында кезекті кеңес өтті.
Кеңесте қаралған мәселе – қазіргі таңда өзекті болып тұрған суармалы су мәселесі.
Кеңеске Су ресурстары және ирригация министрлігінің лауазымды тұлғалары: Вице-министр Н.Ж. Алдамжаров, департамент директоры Б.Ш.Мәндібаев, басқарма басшысы Р.Р.Құнанбаев қатысты.
Н.Ж. Алдамжаров отырыстың басында ауыл шаруашылығын суармалы сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша қысқаша баяндама жасады.
Кеңестің екінші бөлімі «сұрақ-жауап» режимінде өтті.
Фермерлердің қойған сұрақтарының негізгілері:
— биылғы қуаңшылық проблемасы;
— су жеткізуді субсидиялау;
— тариф саясаты;
— судың тапшылығы;
— жерасты суларын пайдалану;
— су мәселесі бойынша көрші елдермен қарым-қатынас;
— «Қазсушар» мекемесінің жұмысы.
Н.Ж. Алдамжаров, сондай-ақ отырысқа қатысқан министрлік өкілдері сұрақтарға мейлінше жауап беріп, кейбір күрделі сұрақтарға жазбаша жауап беретін болып келісілді.
Кеңесті қорытындылай келе Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов осы сияқты орталық орган басшыларының қатысуымен кеңес өткізу үрдісі алдағы уақытта да жалғасатынын айтып, облыстық филиал басшыларына жауабы айтылмай қалған сұрақтарды жазбаша жіберу, сондай-ақ ауыл шаруашылығын суармалы сумен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жолдау туралы тиісті тапсырмалар берді.
Zoom-конференцияның толық видеожазбасы бірнеше бөлікке бөлініп, жақын арада жарияланады.