Бүгін Қауымдастықтың орталық кеңсесінде «Советский тяжеловоз», Забайкальская тұқымы жылқыларын өсірумен айналысатын Забайкалье өлкесінен келген «Горбунов» ШҚ Александра Богер-Горбунова мен Забайкалье өлкесінің экспортты қолдау орталығының маманы Санжимитупова Даримамен кездестік.
Кездесуге республика аумағында жылқы өсірумен айналысатын «Сивко Бурко» ШҚ басшысы Таутенов Игілік және и «Сарсен» ШҚ басшысы Абилов Нұржан қатысты.
Қазақстан фермерлері қауымдастығының Басқарма Төрағасының бірінші орынбасар Ермек Абуов Қазақстанның жылқы шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы әлеуеті мен екі ел арасындағы жылқы шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы және одан әрі ынтымақтастықты дамыту туралы сөз қозғады.
Александра Богер-Горбунова біздің елге жасалған іссапардың негізгі мақсаты – Забайкальская тұқымы жылқыларын Қазақстанға экспорттау бойынша байланыс орнату.
Кездесуді қорытындылай келе Ермек Абуов келешекте бірлесіп, өзара тиімді жұмыс істеу қажеттігін алға тартып, Қауымдастық тарапынан қол ұшын беруге әрдайым дайын екендігін білдірді.