Перейти к содержимому

Ауыл шаруашылығы жерлерін киіктерден қоршауды субсидиялауға қатысты

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 13 ақпандағы № 49 бұйрығымен Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

    Аталған Бұйрыққа сәйкес ауыл шаруашылығы жерлерін киіктерден қоршауға арналған топсалы торлар қума метріне 700 теңге және топсалы торды бекітуге арналған бағандардын (металл немесе бетон) бірлігіне 3 750 теңге нормативтерімен сатып алу кезінде инвестициялық салымдарды өтеу үлесі жергілікті бюджет қаражаты есебінен 50% субсидияланады.

    Яғни, биылдан бастап шаруалар өздерінің ауыл шаруашылығы жерлерін киіктерден тапталуына қарсы қоршауларды орнатқан кезде мемлекет тарапынан қолдау ретінде субсидия алуға мүмкіндіктері бар.