Перейти к содержимому

Несиелендіру бойынша скайп-кеңес

    2 мамырда Қауымдастығымыздың облыстық филиалдары басшыларының және фермерлердің қатысуымен кезекті скайп-кеңес өтті.

    Кеңеске Аграрлық несие корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары А.Е. Досқараев қатысты және отырысты аша келе, ауыл шаруашылығын несиелендіру мәселесі бойынша қысқаша баяндама жасады.

    Кеңестің екінші бөлімі «сұрақ-жауап» режимінде өтті.

    Фермерлердің қойған сұрақтарының негізгілері:

    — несие алу кезінде талап етілетін құжаттар санын азайту;

    — өтінімдерді қарастыру мерзімін қысқарту;

    — несиені игеру және қайтару мерзімдерін ұзарту;

    — несиелендіру шарттарын жеңілдету;

    — бірлескен жауапкершілік (солидарная ответственность) мәселесін қайта қарау немесе мүлдем алып тастау.

    А.Е. Досқараев сұрақтарға мейлінше жауап беріп, кейбір күрделі сұрақтарға жазбаша жауап беретін болып келісілді.

    Кеңесті қорытындылай келе Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов осы сияқты орталық орган басшыларының қатысуымен скайп-кеңес өткізу үрдісі алдағы уақытта да жалғасатынын айтып, облыстық филиал басшыларына жауабы айтылмай қалған сұрақтарды жазбаша жіберу, сондай-ақ ауыл шаруашылығын несиелендіру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жолдау туралы тиісті тапсырмалар берді.

    Скайп-кеңестің толық видеожазбасы бірнеше бөлікке бөлініп, жақын арада жарияланады.