Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Соған орай, 28.04.2025 жылы Ильяс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде агрономия мамандығы студенттерімен фермерлердің кездесуі болып өтті. Оған университет басшылығы, студенттер, «Жетісу облысы фермерлер қауымдастығының басшысы Шарипов Асқар Калиұлы, Етекбаев Карим Салимович «Жетісу облысы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция» бөлімнің басшысы, Беглов Ринат Билялович «Фитосанитарлық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция» бөлімінің басшысы, Абдельдинова Урантай Жумабековна «Жер-Ана» шаруа қожалығы, Ауесбекова Шырын Ербосынқызы «Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының техникалық бақылау және су шаруашылғы бөлімінің» бас маманы, Уразов Нұржан Ақылбекович «Нұржан» шаруа қожалығы.Калибек Арсен «Арсен» шауа қожалығы басшылары.
Агроном – ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіру саласындағы жан-жақты білімі бар егін шаруашылығы саласындағы маманы. Алайды, қазіргі кезде агроном жан-жақты білімге ие, кәсіби дағдыларды жақсы меңгерген маман болуы тиіс. Сонымен қатар, агроном – шаруашылықтың негізгі саласы – егіншіліктің технологиясын және онда қолданылатын техникасын жақсы білетін, сол жердің табиғи-экономикалық жағдайына жетік адам болуы тиіс.
Пікір алмасу қорытындысында болашақта фермерлер мен университет арасында тығыз қарым-қатынас орнату мәселесі сараланды