Жамбыл облысында іссапары жалғасып, Жамбыл ауданына бұрды.
Жамбыл ауданында жұмыс сапарымен болған «Қазақстан фермерлері Қауымдастығы» Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Абуов, аталған қауымдастықтың Жамбыл облысы бойынша филиалының төрағасы Дулат Султанбеков ауданындағы ауқымды жобаларды аралап, және көктемгі дала жұмыстарымен танысты.
Алдымен Ермек Абуов жұмыртқа өндіретін «Ай құс» ЖШС-гі құс фабрикасында болды.
Аудан әкімдігі ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Бауыржан Тоқтасыновтың айтуынша, құс фабрикасы 2017 жылы «Аса-Даму» атымен құрылған. Жылдық қуаттылығы 55,0 — 60,0 млн.дана жұмыртқа. Фабрика аумағында бүгінгі таңда 4 корпустың 2 корпусы жұмыс істеп тұр. Оның ішіндегі тауық саны 93 мың басты құрайды.
2024 жылы 48 055 мың дана жұмыртқа өндірілген.
2025 жылы қантар-наурыз айларында 6599,5 мың дана жұмыртқа өндірілді. Жұмысшылар саны 42 адам. Орташа еңбек ақысы 170 000 теңге.
Қазіргі таңда фабрика қалыпты жағдайда жұмыс жасауда. Ағымдағы жылдың наурыз айында 80 000 бас балапан сатып алынды.
Сондай-ақ “Ақмолдаев” шаруа қожалығының егістік алқабында болды.
Шаруа қожалық биыл 16 гектарға арпа орналастырған. Сондай-ақ AzNur Agro» АШӨК-і 400 бастық тауарлы сүт фермасында болды.
Жобалық құны 1,8 млрд. теңгені құрайды
Қолға алған жобаның, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосатыны сөзсіз.
Атқарылып жатқан игі істерді көріп, өңірдің потенциалының жоғары екенін байқадым.