Ресей тарапының өтініші бойынша 22 сәуірде Қауымдастықтың орталық кеңсесінде Ресейдің Мәскеу қаласында орналасқан «Машиностроительный завод «Поток» компаниясының өкілдерімен кездестік.
«Машиностроительный завод «Поток» компаниясы өнеркәсіптік насостар, насос станцияларын, арматураланған шлангтар, шланг жүйелерін, шланг тасымалдаушылар, сорғылар, суасты араластырғыштар, араластырғыш аэраторлар, суару насостарын, егістіктерге көң енгізу техникасын өндірумен және сатумен айналысады.
Кездесу барысында жалпы ауыл шаруашылығы саласы, оның ішінде фермерлерді ауыл шаруашылығы техникасымен, жабдықпен, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету, ресейлік компания ұсынып отырған өнімдердің қазақстандық фермерлер үшін тиімділігі жайлы әңгіме қозғалды.
Бұл ретте өз тарапымыздан бірлесіп, ынтымақтастықта өзара тиімді жұмыс істеу қажеттігін алға тартып, Қауымдастықтың, облыстық филиалдардың тарапынан «Машиностроительный завод «Поток» компаниясына қол ұшын беруге әрдайым дайын екендігімізді білдірдік және өзара байланыс деректерімізбен алмастық.