Перейти к содержимому

Марапаттау

    13-14 наурыз 2025 жылы және 13-17 сәуір 2025 жылы аралығында Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалында ауылдық округтердің әкімдерін біліктілікті арттыру курстарыда ғылым докторы ретінде семинарлар өткіздім. Онда Алакөл,Көксу, Қаратал, Ескелді, Панфилов және Кербұлақ аудандарының 82 ауылдық әкімдері қатысып, ауыл экономикасының өзекті мәселелері талқыланып, фермерлердің жұмысын жандандыру жан-жақты пысықталды. Қазір елімізде азаматтардың талабына сәйкес әкімдерді тікелей сайлау жүйесі іске қосылып, барша ауыл әкімдерінің 90 пайызға жуығы сайланғанын айта келе, олардың 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте істемегенін Президентіміз Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес ауылдық округтердің әкімдерін біліктілікті арттыру бағдарламасы жергілікті басқару міндеттерін тиімді орындау, ауыл халқының өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл бес ауданда 13538 фермерлер 82 округқа бөлінген.Семинарларда әр округта фермерлер қауымдастығы басшыларын сайлап, оларды жандандыру жұмыстарын жүргізу қажеттігі талқыланды. Осы орайда облыстық, аудандық фермерлер қауымдастығы басшылары мен ауылдық әкімдер тығыз байланыста болу қажеттілігі сараланды.Семинар қорытындысы бойынша Облыстық Мемлекеттік қызмет істері агеттігінің департаменті маған алғыс жариялады

    Облыстық фермерлер қауымдастығы басқарма басшысы, экономика ғылымдарының докторы Шәріпов Асқар Қалиұлы