Перейти к содержимому

Скайп -қенес

    Бүгін Қауымдастықтың облыстық филиалдары басшыларымен кезекті скайп-кеңес өтті. Жиналыста берілген тапсырмаларды орындау барысы талқыланып, алдағы жоспарлар мен міндеттер белгіленді.

    Отырысты аша келе Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов жаңадан тағайындалған Қауымдастықтың Ақмола облыстық филиалының басшысы Данияр Нұрпейісовты таныстырып, оған жұмысына сәттілік тіледі.

    Одан кейін Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов соңғы скайп-кеңестен бері атқарылған жұмыстар туралы қысқаша баяндама жасады.

    Содан соң әдеттегідей облыстық филиал басшыларына сөз берілді. Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстық филиалдарының басшылары сөз сөйлеп, атқарған жұмыстары, берілген тапсырмалардың орындалуы, фермерлердің проблемалары және оларды шешу жолдары туралы ойларымен бөлісті.

    Облыстық филиал басшыларынан кейін Басқарма төрағасының орынбасары Жәнібек Кежебаев мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жаңа жобамен таныстырды.

    Кеңесті қорытындылай келе Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов облыстық филиал басшыларына жемшөп дақылдарын өсіру, облыстарда фермерлермен семинарлар өткізу, әлеуметтік желілерде өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды, фермерлердің тұрмыс-тіршілігін көрсету мәселелері бойынша тиісті тапсырмалар берді.