Перейти к содержимому

Кездесу

    8 сәуірде Қауымдастықтың орталық кеңсесінде Қытай Халық Республикасының «Huahe International» бизнес-консалтингілік құрылымының бір топ өкілдерімен кездестік.

    Кездесуге фермерлер тарапынан «Сивка-Бурка» ШҚ басшысы Игілік Таутенов пен «Сәрсен» ШҚ басшысы Нұржан Абилов қатысып, өз мүмкіндіктерімен бөлісті және қызықтырған сұрақтарына тиісті жауаптар алды.

    Кездесу барысында Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов Қауымдастықтың атқаратын жұмыстары, алға қойған міндеттері және жалпы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы әлеуеті мен екі ел арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы қысқаша айтып берді.

    Қытайлық компаниялар өкілдері Қауымдастықпен кездесу мақсаттары және ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы, ет өндіру, оның сауда-саттығы саласындағы байланыстарды дамытып, одан әрі нығайту туралы сөз қозғады.

    Өз тарпымыздан қытайлық инвесторлармен аталған бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге әзірлігімізді білдіріп, түрлі жобаларды іске асыруға қытайлық инвесторларды тарту жөнінде ұсыныстар бердік. Қытай компанияларының өкілдері ұсыныстарымызды мақұлдап, пысықтауға дайын екендіктерін айтты.

    Кездесуді қорытындылай келе Ермек Әбуов аталмыш кездесудің құр бос әңгіме болып қалмауын, келешекте бірлесіп, ынтымақтастықта өзара тиімді жұмыс істеу қажеттігін алға тартып, Қауымдастық тарапынан қытайлық инвесторларға қол ұшын беруге әрдайым дайын екендігін білдірді.

    Кездесу соңында өзара байланыс деректерімен алмасып, жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткіздік және болашақта тиісті меморандум жасауға уәделестік.

    Ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы, ет өндіру, оның сауда-саттығы, қайта өңдеу салалары бойынша жобалар болса, ол жобаларды іске асыруға қытайлық инвесторларды тарту жөнінде ұсыныстар болса қарастыруға дайынбыз.

    Хабарласыңыздар.