КамАгро компаниясы әлеуметтік желілерде алаяқтық жарнама таратуда.
Өздеріңізге мәлім, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары шаруа қожалықтары 2018 жылы Сыбаға бағдарламасы шеңберінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несие алып, шет елден асыл тұқымды мал сатып алуға Ресей Федерациясының «Торговый дом КамАгроға» қаражат аударған.
Алайда, КамАгро фермерлерді алдап кетті, қазіргі таңда 16 шаруашылық иесінің мойнында несие тұр. Бұл өз кезегінде фермерлердің, шаруа қожалықтарының наразылығын туғызуда.
Бұл мәселені кезек күттірмейтін ең маңызды сұрақ ретінде қарап, Үкімет мүшелері алдында көтеріп, шешіп беруін сұрағанбыз.
Осы орайда, кейбір Үкімет мүшелері фермерлердің қарызын шығынға алып, есептен шығаруға қарсы емес екендігін білдірген.
Алайда, бүгінгі күнге дейін аталған мәселе шешімін таппай отыр.
Қазақстан фермерлері қауымдастығы осы сұраққа жауапты өкілетті органдармен жұмысын жалғастырады.
Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбуов
Мына жарнамаға СЕНБЕҢІЗДЕР!!!