Перейти к содержимому

Скайп-кеңес

    20 наурыз күні Қауымдастықтың облыстық филиалдары басшыларымен кезекті скайп-кеңес өтті. Жиналыста берілген тапсырмаларды орындау барысы талқыланып, алдағы жоспарлар мен міндеттер белгіленді.

    Кеңесте Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы қысқаша баяндама жасады.

    Содан соң әдеттегідей облыстық филиал басшыларына сөз берілді. Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстық филиалдар басшылары сөз сөйлеп, атқарған жұмыстары, берілген тапсырмалардың орындалуы туралы есеп берді және алдағы жоспарларымен бөлісті.

    Кеңесті қорытындылай келе Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов ет өндіру шаруашылығын дамыту мәселесі бойынша қолға алынып жатқан шаралар туралы айтып өтіп, облыстық филиал басшыларына жұмысты жандандырып, форвардтық сатып алу, субсидиялау, сақтандыру жүйесін оңтайландыру, өткен жылдары 22%-бен алынған несие мәселелері бойынша тиісті тапсырмалар берді.