13-14 наурыз 2025 жылы Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалында ауылдық округ әкімдерінің біліктіліктін арттыру курсында семинар өткіздік. Онда Ескелді, Көксу, Қаратал, Панфилов және Алакөл аудандарының 66 ауылдық әкімдері қатысып, ауыл экономикасының өзекті мәселелері талқыланып, фермерлердің жұмысын жандандыру, ауыл шаруашылық кооперативтерін құру мәселелері жан-жақты пысықталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес ауылдық округтердің әкімдерін біліктілікті арттыру бағдарламасы жергілікті басқару міндеттерін тиімді орындау, ауыл халқының өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл бес ауданда 4536 фермерлер 66 округқа бөлінген.Семинарда әр округта кооперативтер құру, ауылдық фермерлер қауымдастығы басшыларын сайлап, олардың жұмыстарын жандандыру қажеттілігі талқыланды. Осы орайда облыстық, аудандық фермерлер қауымдастығы басшылары мен ауылдық әкімдер тығыз байланыста болу қажеттілігі сараланды.
Қазақстан Фермерлер Қауымдастығы Жетісу облыстық филиалының басқарма басшысы, экономика ғылымдарының докторы Шәріпов Асқар Қалиұлы