Ұлттық құрылтайдың кезекті IV отырысында Президент Елді толғандырып жүрген көп мәселенің басын ашып айтты. Мемлекет басшысы өз сөзінде мемлекеттің ең басты міндеті – аймақтардың экономикалық өсіміне түрткі болатын және өңірлердің дамуындағы теңсіздікті жоятын бастамаларға баса мән беру. Бұл ретте биыл экономиканың нақты секторын қаржыландыру көлемі екі есе, яғни 8 триллион теңгеге дейін ұлғаймақ.
Елге пайдасы тиетін әлеуметтік маңызы бар жобаларға басымдық беру қажет. Бүгін айтылған бастамалар мен жобалар аймақтардың біркелкі дамуына ықпал етіп, еліміздің одан әрі өркендеуіне жол ашатынына ерекше тоқталды.
Сондай-ақ аграрлық сектордың дамуына ерекше назар аударды.
Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы әлеуеті зор екені белгілі.
Ауылды аумақтарды дамыту – тұрақтылық пен азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі.
Ауылдың дамуы агроөнеркәсіп кешенінің даму деңгейіне тікелей тәуелді, ал оны дамыту – бәріміздің ортақ стратегиялық міндетіміз.
Мемлекет басшысы жариялаған реформалар – елдің болашақ дамуына бағытталған қадамдар.
Алдағы уақытта елдің болашағы үшін нәтижелі әрі жүйелі жұмыс жасауымыз керек!
Қазақстан Фермерлері Қауымдастығы