Перейти к содержимому

Дөңгелек үстел

    2025 жылғы 6 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп «ФАО-Қазақстан әріптестік бағдарламасы» шеңберінде Қазақстандағы ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігінің орнықты дамуына ықпал ететін әлеуетті жобаларды талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

    Қазақстан фермерлері қауымдастығының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Абуов ФАО ұсынған әлеуетті жобалардың тақырыптары өте өзекті болып табылады. Өз тарапымыздан ұсынылатын тақырыптар тізімінің ең маңыздысы ретінде біз екі бағытты бөліп көрсетер едік: — азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін арттыру, ветеринариялық және мал шаруашылығы қызметтерін, фитосанитария және тұқым шаруашылығы, балық аулау және аквамәдениет, Органикалық ауыл шаруашылығы жүйелерін дамыту, неғұрлым үнемді дақылдарды өсіруге көшу; — жер және орман ресурстарын тұрақты басқару, климаттың өзгеруіне бейімделу, су үнемдеу технологияларын қолдану.

    Ермек Абуов Біріккен Ұлттар ұйымына қарасты Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы бас директорының орынбасары, Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі Виорел Гуцумен кездесу барысында Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ірі қоғамдық бірлестігі ретінде біз осы жобаларды, ал болашақта ФАО ұсынған басқа да әлеуетті жобаларды іске асыруға қатысуға дайын екенін жеткізді.