Перейти к содержимому

ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

    Бүгін аудан әкімінің орынбасары С.Пернеш, аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Қ.Құттыбеков, «КазСушар» бөлімінің басшысы Б.Қызылов, «Талас-Шу» бассейінінің инспекторы Д.Ибрайымовпен бірге аудандық мәслихатының депутаты, фермерлер одағының төрағасы ретінде Қордай ауданының Масаншы ауылының ауыл шаруашылық дихандарымен көктемгі дала жұмыстарына даярлық барысы туралы кездесу өткіздік.

    Кездесудің негізгі мақсаты –Шу ауданында суғармалы жерлерге көкөніс дақылдарын отырғызу. Егер Қордай ауданының дихандары Шу ауданына келіп, көкөніс дақылдарын егетін болса, аудан тарапынан жеңілдіктер болатындығын , базар нарқындағы бағаларды төмендету мақсатында аудан тұрғындарына төмен бағамен көкөніс дақылдарын өткізуге ықпалын тигізетіндігі туралы жеткіздік.