Перейти к содержимому

Кездесу

    Бүгін 3.03.2025 жылы облыс шаруа қожалықтарының көктемгі дала жұмыстарына дайындығы туралы мемлекеттен берілетін жеңілдетілген несиелер туралы Агро несие корпорациясының Жамбыл облысы филиалының директоры Базарқұл Мырзағалиевпен Қазагроқаржының Жамбыл облыстық филиалының директоры Нұрғали Сейітбековпен кездестім.

    Агронесиекорпорация арқылы Кең дала-1 бағдарламасына облыс шаруаларына 1 миллиард теңге Кең дала -2 бағдарламасына 8 миллиард теңге бөлінген. Кәзір 200 ге жуық шаруалардан 3,5 миллиард теңгеге өтінім түсіп қаралуда .

    Қазагронесие арқылы техника алуға 214 шаруадан 3 миллиард теңгеге өтініш түсіп қаралуда. Көктем дала жұмыстары басталып жатыр, сондықтан шаруа қожалық басшылары осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалулары қажет. Қаражат бар.