Бүгін Ерейментау ауданында Қазақстан фермерлері қауымдастығының өкілдері, аудан әкімдігі және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен маңызды кездесу өтті.
Қауымдастық атынан Абуов Ермек Ерғазиевич, ал аудан әкімдігі тарапынан Ерейментау ауданының әкімі Мұкатов Нұрлан Зиядинұлы сөз сөйледі. Сондай-ақ кездесуге Айдобұл ет комбинатының (Зеренді) директоры, «МВ4» ЖШС өкілі Шалмағамбетов Азамат қатысты.
Ерейментау ауданы – Ақмола облысындағы ең ірі мал шаруашылығы ауданы, кең көлемді ауыл шаруашылығы жерлеріне ие. Мұнда қазақтың ақбас сиыры, герефорд және ангус тұқымдары бойынша асыл тұқымды репродукторлар мен бордақылау алаңдарын қамтитын толық өндірістік цикл қалыптасқан. Қатысушыларының бірі – «Жаңа Береке Репродуктор» бордақылау алаңы, кездесуде оның құрылтайшысы Нығметов Айдар Сағадиевич қатысты.
Алайда өндірістік тізбекте әлі күнге дейін ет комбинаты жетіспейтін. Бұл комбинат іріктеуге түскен мал мен бордақылау алаңдары мен оңтүстік аймақтардың сатып алушылары сұраныс танытпайтын малды қабылдауға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Өндеуді дамыту, фермерлерге қолдау көрсету және өнімді өткізудің тұрақты жүйесін құру мәселелері басты назарда болды.
Диалог жалғасады.