Перейти к содержимому

Семинар

    20-21 ақпан 2025 жылы Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалында ауылдық округ әкімдерінің біліктіліктін арттыру курсында ғылым докторы ретінде семинар өткіздім. Онда Сарқанд және Ақсу аудандарының 29 ауылдық әкімдері қатысып, ауыл экономикасының өзекті мәселелері талқыланып, фермерлердің жұмысын жандандыру жан-жақты пысықталды. Қазір елімізде азаматтардың талабына сәйкес әкімдерді тікелей сайлау жүйесі іске қосылып, барша ауыл әкімдерінің 90 пайызға жуығы сайланғанын айта келе, олардың 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте істемегенін Президентіміз Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес ауылдық округтердің әкімдерін біліктілікті арттыру бағдарламасы жергілікті басқару міндеттерін тиімді орындау, ауыл халқының өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл екі ауданда 4536 фермерлер 29 округқа бөлінген.Семинарда әр округта фермерлер қауымдастығы басшыларын сайлап, оларды жандандыру жұмыстарын жүргізу қажеттігі талқыланды. Осы орайда облыстық, аудандық фермерлер қауымдастығы басшылары мен ауылдық әкімдер тығыз байланыста болу қажеттілігі сараланды.

    Облыстық фермерлер қауымдастығы басқарма басшысы, экономика ғылымдарының докторы Шәріпов Асқар Қалиұлы