21 ақпанда Қауымдастықтың облыстық филиалдары басшыларымен кезекті скайп-кеңес өтті. Жиналыста берілген тапсырмаларды орындау барысы талқыланып, алдағы жоспарлар мен міндеттер белгіленді.
Кеңесте Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы қысқаша баяндама жасады.
Содан соң 6 (алты) облыстық (Павлодар, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан) филиалдар басшылары сөз сөйлеп, филиалдың жұмысы туралы есеп берді және алдағы жоспарларымен бөлісті.
Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов облыстық филиалдар басшыларының берілген тапсырмаларға немқұрайлы қарайтындықтарын, орындаушылық тәртіптің нашарлап кеткендігін атап өтіп, жұмыстағы белсенділікті күшейту мәселесіне ерекше тоқтала кетті.
Кеңесті қорытындылай келе Ермек Әбуов облыстық филиал басшыларына жұмысты жандандырып, субсидиялау, несиелендіру, салық режимін оңтайландыру, инвесторлар тарту мәселелері бойынша тиісті тапсырмалар берді.