Облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Әскербайұлы Жақанбаев мырзаның қатысуымен 13.02.2025 жылы Сарқан қаласында Алакөл, Сарқанд, Ақсу аудандары және 14.02.2025 жылы Балпық би кентінде Көксу, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ аудандары ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жиналыс өткізілді. Оған аталған аудвны әкімдері, Облыстық ауыл шаруашылық басқарма басшысы Кененбаев Нұрдаулет Сағадиұлы, Қазақсатан фермерлер қауымдастығы облыстық филиалының басқарма төрағасы Шәріпов Асқар Қалиұлы. Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы агрокешен комитеті эксперті Зайтбеков Дулат Санатұлы, Облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Апеков Ермек Омарұлы, «Қазсушар» РМК-нің Жетісу филиалының директоры, Аграрлық несие корпорациясы АҚ-ның облыстық филиалының директорының орынбасары, «ҚазАгроҚаржы»АҚ-ның Жетісу облысы бойынша филиалының директоры, Көксу қант зауытының директоры Абатов Алтынбек, Ақсу қант зауытының директоры Нәдірбаев Самат және жеті ауданнан 200 астам фермерлер қатысты.
Кездесу барысында Облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев қызылша өсірудегі рекордтық көрсетіштерге жетудегі мемлекеттік көмектің өзектілігн атай келе, әкімдік тарапынан жіберілген кемшіліктерді де мойындады. Облыс фермерлері қызылша өсірудеде, дәнді жүгері баптаудада озық технологияларды игергені аталып, олардың өнімдерін қабылдауда, бағалардың қалыптасуында, біршама олқылықтар орын алып отырғаны сыналды. Ауыл шаруашылық жерлерінің біршамасы субарендада, оларды заңдастырыуда әкімдер, қоғамдық ұйымдар нақты жұмыстар жасалу керектігі аталды. Бұдан басқа ауыл шаруашылығына қатысты шаралар талқыланып нақты шешімдер қабылданды.