Перейти к содержимому

Қосылған құн салығы туралы

    7 ақпан күні Президент еліміздің бизнес өкілдерінің қатысуымен бүгінгі күнде халықты алаңдатып отырған және қатты талқыланып жатқан қосылған құн салығы (НДС) мәселесі жөнінде кездесу өткізді.

    Қосылған құн салығы мемлекеттің әлеуметтік саясатына әсер ететін салық жүйесінің негізгі бөлшектерінің бірі болып табылады. ҚҚС мөлшерлемесін 20%-ға дейін көтеру туралы ұсыныс тым жоғары. Осы мәселе бойынша Мемлекет басшысының ұсыныстары мен сарапшылардың пікірлерін ескере отырып, мынадай тұжырымдамаға келуге болады.

    ҚҚС мөлшерлемесін саралау әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді және елдегі әлеуметтік теңсіздікті азайтуға ықпал етеді.

    Сонымен қатар, ҚҚС мөлшерлемесін саралау тек әлеуметтік мәселелерді шешуге емес, сонымен қатар экономиканың тұрақты дамуына ықпал етеді, сараланған мөлшерлеме мемлекетке тұтынуды реттеуге мүмкіндік береді.

    Бұдан бетер, ҚҚС мөлшерлемесін 20%-ға дейін көтеру бизнеске шамадан тыс жүктеме түсіреді және өнім бағасын көтеру мен сатып алу сұранысын төмендетуге әкеледі, кәсіпкерлерді «көлеңкелі» бизнеске ауысуға итермелейді, яғни салық түсімдерін азайтуға әкеп соқтырады. Сондықтан, ҚҚС мөлшерлемесін айқындау кезінде нақты есептеулер жүргізіп, бизнестің мүдделерін ескеру қажет.

    Президент атап өткендей, ҚҚС мөлшерлемесін айқындауды бизнес өкілдерінің, сарапшылардың және депутаттардың пікірлерін ескере отырып жүргізген маңызды. Сонда ғана барлық мүдделі тараптардың қажеттіліктерін ескеретін дұрыс шешім қабылдауға болады.

    Қазақстан фермерлерінің 2025 жылғы 7 ақпан

    қауымдастығы