“Атамекен Бизнес” Мега Холдингі хабарлары аясында “Ауыл бүгіні,ертеңі” тақырыбы төңірегінде әр сала мамандары қатысқан тікелей эфир өткізілді. Парламент Мәжілісі депутаты Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы еліміздегі ауыл шаруашылығы саласындағы қордаланып тұрған мәселелерге тоқтала келе,Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектерге кеңінен тоқтады. Қазақстан Фермерлер Қауымдастығы Шығыс Қазақстан облысы басқарма төрағасы Қыдырмолда Самат қазіргі таңдағы ауыл еңбеккерлерінің экономикалық,әлеуметтік жағдайларын саралай келе,әр облыстарда комплексті түрде шаралар қабылдануы керектігін айтып өтті. Жалпы,хабарға қатысқан әр сала мамандары бүгінгі хабар көлемінде Мемлекеттік, квазимемлекеттік, Жергілікті атқару билік өкілдеріне бірігіп отырып,нақты іс қимылдар жасау керектігіне бас назар аударды.