Перейти к содержимому

24 қаңтарда Қауымдастығымыздың облыстық филиалдары басшыларымен биылғы жылғы бірінші скайп-кеңес өтті

    24 қаңтарда Қауымдастығымыздың облыстық филиалдары басшыларымен биылғы жылғы бірінші скайп-кеңес өтті. Жиналыста филиал басшыларының жұмыстары талқыланып, осы жылға жоспарлар мен міндеттер белгіленді.

    Кеңесте Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы қысқаша баяндама жасады.

    Содан соң бірнеше облыстық филиалдар басшылары сөз сөйлеп, филиалдың өткен жылғы атқарған жұмыстары туралы есеп берді және алдағы жоспарларымен бөлісті.

    Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов жергілікті жерлерде филиалдардың атқарып жатқан жұмыстары бойынша әлеуметтік желілерде белсенділікті күшейту мәселесіне ерекше тоқтала кетті.

    Кеңесті қорытындылай келе Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов облыстық филиал басшыларына жұмысты жандандырып, қаңтар-ақпан айларында облыстық, аудандық жиналыстар өткізу, несиелендіру аясындағы бірлескен жауапкершілік, жұмысшы мамандықтары жылы аясында өңірлерде тиісті іс-шаралар өткізу мәселелері бойынша тапсырмалар берді.