Перейти к содержимому

Алакөл ауданында фермерлермен жиын 17.01.2025 жылы өткізілді

    Алакөл ауданында фермерлермен жиын 17.01.2025 жылы өткізілді. Бұл аудан облыстағы ең ірі қауымдастықтың біріне жатады, онда 23 ауылдық округ бар. Алакөл өңірін белгілі фермер Баяхметов Ержан Досмагұлұлы, былтырдан бері, оның орынбасары Оралтаев Нұрлан Сабырұлы Қабанбай өңірін басқарады. Барлығы ауданда 1515 шара-фермер қожалықтары бар, оның 195-сі фермерлер қауымдастығы мүшелері. Жиналысқа қатысқаны 102 фермер. Ауданда жұмыс жасамай тұрған стратегиялық маңызы бар Бескөл қант зауыты бар. Болашақта қант қызылшасының көлемінің өсуіне байланысты бұл зауытты Қарабұлақ қант зауыты сияқты талан-таражға түсірмей, мемлекетке қайтарып халық игілігіне пайдалану керек.

    Ауданда 30 шақты ұн диірмендері болған, қазір олар әртүлі себептермен көбісі жұмыс жасамайды. Фермер Кенжебаев Тұрсынбай Италяндық технологиямен жұмыс жасайтын дирменін 2016 жылдан бері жауып тастаған. Оның айтуынша толық қанды жұмыс жасау үшін оған қазір 500 тонна бидай товарлық несие ретінде керек. Бізден соған көмек беруін сұрады. «Солтүстік өңірлерден бидайды Өскеменге тасып ұн жасағанда, оның 1 кг өзіндік құны 200 тенге болады, өзімізде ол 100 тенгеден аспайтын болып, үлкен тиімділік берер еді» — дейді.

    Бұл өңірдің бір ерекшілігі олардың фермерлерінің көбісі былтырдан бастап қант қызылшасын егумен шұғылдана бастады.Соған байланысты қант қызылшасымен айналасу маңызды іс болып тұр. «Биыл ауданда 1500 гектарға қант қызылшасын егеміз деп дайындалып отыр едік, бізге 600 гектар ғана себуге рұхсат етілді, соны қалай шешеміз?» деп сұрауда. Ауданда 31,0 мың гектар суармалы жер ресурстары бар. Бұл ретте, су үнемдеу технологияларын енгізудің тиімділігі жоғары. Су үнемдеу технологиясы 2024 жылы 2 еседей артыпн, оған 80 пайыздық субсидия енгізілді.

    Өткен жылдан бастап мемлекеттік қолдау тетіктеріне бірқатар өзгерістер енгізілді – олар фермерлерді субсидиялаудан тыңайтқыштар шығаратын зауыттарды 60% субсидиялауға көшті. Бірақ оларды Талдықорғаннан тасымалдау кіші фермерлер үшін біршама қиындықтар туындатуда. Сондықтан оларға бірігіп, жабдықтау кооперациясын құрып, Бескөл станциясына ірі фермерлер сияқты тасымалдау ұсынылды.

    . Осы өзгерітер туралы жиынға қатысқан «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалдары мамандары айтып берді. Жиналыста бірқатар ұтымды ұсыныстар айтылды, оның ішінде әр ауылдық округтерінде фермерлер қауымдастығы жұмысын жандандыру және аудандық қауымдастық басшысы Баяхметов Ержан Досмагұлұлына жеке кабинет беріп, жалақымен қамтамасыз ету мәселесін шешу. Оны келешекте аудандық Атамекен кәсіпкерлік бөлімімен бірігіп шешу ұсынылды. «Жеңілдетілген дизель отыныны нормасы өте аз, бағасы бензиннен біршама көп, социализм кезінде ол керісінше болған, олиграхтар бұдан барынша пайда табуда» деген сауалдамалар да айтылды. Бұл сұрақты біз де Астанаға Министрліктің алдынада қойғанбыз, бірақ ол бүгінге дейін оң шешімін таппады.

    Облыстық «ҚазАгроҚаржы» АҚ бас маманы Дархан Қасымұлы техниканы жаңартуда ауданның жаткен жетістіктерін айтып берді. 42 фермерлерге 1 млрд 181 млн тенге қаржы бөлініп, оған 181 бірлік техника алғаны туралы хабардар етті. Бұл бағдарлама 3 бағыт бойынша биылда жалғасатынын туралы және құжаттар қабылдынып жатқанын хабарладыі.

    Қазақстан Республикасы фермерлер қауымдастығы Жетісу облысы бойынша филиалы басшысы Шәріпов Асқар Қалиұлы