Перейти к содержимому

Ақсу ауданындағы 2639 шаруа-фермер қожалықтары бар, оның 480 фермерлер қауымдастығы мүшелері

    Ақсу ауданындағы 2639 шаруа-фермер қожалықтары бар, оның 480 фермерлер қауымдастығы мүшелері. Былтырғы жылы ауданның фермерлердің қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесінде қант қызылшасынан 77187 тонна өнім жиналды, ол толығымен Ақсу зауытына өткізілді. Ауданда екінші жыл Ақсу қант зауыты толық қуаттында жұмыс істеуге кірісті. Қазіргі кезде зауытқа қабылданғаны 406 мың тонна қант қызылшасы, оның өңделгені 102,0 мың тонна. Жалпы бұл зауытта 39,0 мың тонна қант қызылшасын алу көзделген.

    Бұл қант импортына тәуелділікті айтарлықтай төмендетіп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады.

    Биыл Үкіметтің қолдауының арқасында қысқа мерзімде аграрлық несие корпорациясы, екінші деңгейлі банктер және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы шаруаларға қосымша қолжетімділік қамтамасыз етілді. «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша отандық өндірістің аса қажетті жабдықтарының кең ассортиментін сатып алуға «таза» жылдық 5 пайызбен бөлінді. Ауданда 60 шаруа-фермер қожалықтары 1 млрд тенгеге 113 техника бірлігі сатып алып жаңартылды.

    «ҚазАгро Қаржы» және АКК арқылы несиелендіру бағдарламалары бойынша шаруа қожалықтары техника сатып алып, жылына 22 және 24 пайызбен алды, ал пайыздық мөлшерлеме айырмасы 16 және 18 пайызды мемлекет тарапынан субсидиялауға жатып, іс жүзінде 6 пайызы шаруа қожалықтарының мойнына түсу керек еді. Алайда көбісінде бұл айырмашылық әлі төленген жоқ.

    Жиынға қатысқан «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалдары мамандары істеліп жатқан жұмыстары және 2025 жылғы жоспарлары туралы фермерлерге толық ақпарт берді. Агробизнес бағдарламасы бойынша да жылына 22 алды, ал пайыздық мөлшерлеме айырмасы 16 пайызды мемлекет тарапынан субсидиялауға жатып, іс жүзінде 6 пайызы шаруа қожалықтарының мойнына түсу керек еді. Алайда бұл айырмашылық көп жағдайда төленбей қалады.

    Қазақстан Республикасы фермерлер қауымдастығы Жетісу облысы бойынша филиалы басшысы Шәріпов Асқар Қалиұлы