Перейти к содержимому

Сарқанд ауданында шаруа-фермерлермен 16.01.2025 жылы жиын өткізілді

    Сарқанд ауданында шаруа-фермерлермен 16.01.2025 жылы жиын өткізілді. Бұл ауданда 1897 шара-фермер қожалықтары бар, оның 205- сі фермерлер қауымдастығы мүшелері. Жиынға қатысқандары 62 адам. Аудандық қауымдастықты үшінші жыл белгілі кәсіпкер Мұхамадиев Бектұрған басқарады. Аумақта 12 ауылдық округтер бар. Бұл қауымдастықтың мүшелерінің биыл қант қызылшасын егумен шұғылданып, рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді. Ауданда 142,1 мың тонна қант қызылшасы Ақсу қант зауытына өткізіліп, біршамасы буртта қалуда. Бұл облыстаға аудандар арасында ең жлғарғы көрсеткішьердің бірі. Былтыр жеңілдікті несиелерді тиімді пайдалану үшін мемлекеттік қолдау тетіктеріне бірқатар өзгерістер енгізілді – олар фермерлерді субсидиялаудан несие берушілерді, техника, тыңайтқыштар шығаратын зауыттарды, суару суын жеткізушілерді субсидиялауға көшті. Бұл шаралар субсидиялардың ашықтығын арттырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайты.

    . Кепілсіздігі жетпейтін шаруаларды қаржыландыруды кеңейту үшін несие сомасының Үкімет тарапынан 85% кепілдігі енгізілді. Осы жаңалықтар туралы жиынға қатысқан «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалдары мамандары айтып берді. Жиналыста бірқатар ұтымды ұсыныстар айтылды, оның ішінде «Кендала-2» бағдарламалардың несие беру нормативтерінің аз екені, оларды кем дегенд екі еседей көтеру керектігі айтылды. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ маманы Қашағанв Азамат бұл бағдарлама бойынша несиені мақсатсыз қолданса, несиені қайтаратыны туралы айтты. но жандандыру және қауымдастық мүшелігі жаңа фермерлерді қабылдау туралы. Ауданда 2024 жылы 2 млрд тенгеге 125 техника бірлігі алынып 61 шаруа қожалықтары техникасын жаңартты. Фермерлер беріліетін инвестициялық субсидияны тікелей бізге бермей, зауыттарға аударып техника бағасын арзандатса деген ұсыныс айтты. Өзекті мәселенің бірі — жаңа техникаға май айырбастау кезінде оның қызме көрсетуінің қымбаттығын сөз етті.

    Қазақстан Республикасы фермерлер қауымдастығы Жетісу облысы бойынша филиалы басшысы Шәріпов Асқар Қалиұлы