2025 жылғы 17 қаңтарда «Кең дала-2» бағдарламасы аясында қаржыландыру шарттарын жақсарту мәселесі бойынша «Атамекен» ҰКП өткізген ZOOM-конференция форматындағы жұмыс кеңесіне қатыстық.
2024 жылдан бастап ауыл шаруашылығын қаржыландыру саясаты сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудан жеңілдікті несиелендіруге кезең-кезеңімен көшуге бағытталған.
Өткен жылы «Кең дала-2» бағдарламасы аясында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың уақтылы және жеткілікті көлемде болғанына фермерлер ризашылдығын білдіріп. Бағдарламаны іске асыру желтоқсан айында басталды. Бұл да қуантарлық жағдай.
Алайда, осы жылы қаржыландыру көлемін 700 млрд. теңгеге дейіне арттыру жоспарланып отырғанына және бағдарламаның ерте басталуына қарамастан, фермерлерді қынжылтатын бірқатар сұрақтар туындайды.
Бір қарағанда, мемлекет фермерлерге қолдау көрсету үшін осындай қомақты қаржы көлемін бір қолымен беріп жатса, екінші қолымен сол ақшаны толығымен шаруаға бермеу үшін түрлі кедергілер жасап жатқандай ой тудырады…
Атап айтқанда, фермер несие алған кезде кепілзат қойғаннан басқа, жекебасының кепілдігін беретін шартқа қол қоюы тиіс. Егер несие алу үшін кепілзат беріліп тұрса немесе Дамудың кепілдігі болса, онда қосымша жекебасының кепілдігі не үшін керек? Түсініксіз.. Тіпті бұл, заңгерлердің пікірінше, қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді.
Екінші мәселе – берілген ақшаны 1 тамызға дейін игеру қажет, игермесең – айыппұл салынады, бұл шартты орындау да фермерлер үшін қиындық туғызады, өйткені ол кезде егін жинау науқанына қызу дайындық жүріп жатады.
Кеңес барысында осы да және басқа да өзекті сұрақтар Аграрлық несие корпорациясының жауапты тұлғаларына қойылды.
Корпорация өкілдері фермерлер көтерген мәселелерді басшылыққа алып, бағдарлама шарттарына тиісті өзгерістер енгізу мүмкіндіктерін қарастыратындарын айтты.
Көреміз…Күтеміз…Сенеміз…