Перейти к содержимому

    Көксу ауданындағы фермерлер қауымдастығын Алпысбаев Қалибек «Кендал» шаруа қожалығы басшысы басқарады Көксу ауданында 2278 шаруа-фермер қожалықтары бар, оның 595 фермерлер қауымдастығы мүшелері. Былтырғы жылы ауданның фермерлердің қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесінде қант қызылшасынан 114392 мың тонна өнім жиналды, оның ішінде Коксу зауытына 97009 мың тонна, Ақсу зауытына 17383 мың тонна өткізілді. Бұның сыртында бірнеше мың тонна әлі буртта жатыр.Бұлар белгілеген межеден біршама артық.

    Көксу қант зауытының қуаттылығы 2027 жылға дейін 250 мың тоннадан — 500 мың тоннаға дейін кеңейтілетін болады (жобаның құны –60 млн. евро). Бұл өз кезегінде қант қызылшасы алқаптарын ұлғайтуға және қабылдау қуаттылығын арттыруға мүмкіндік береді. Қазір бұл жұмыстар басталып кетті. Бұл қант импортына тәуелділікті айтарлықтай төмендетіп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады.

    Биыл Үкіметтің қолдауының арқасында қысқа мерзімде аграрлық несие корпорациясы, екінші деңгейлі банктер және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы шаруаларға қосымша қолжетімділік қамтамасыз етілді.

    «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша отандық өндірістің аса қажетті жабдықтарының кең ассортиментін сатып алуға «таза» жылдық 5 пайызбен бөлінді.

    Сонымен қатар күрделеген мәселелер біршама:

    1.Қант зауыттарының биылғы жылғы науқанға толық қанды дайын болмауы. Бізде кезінде 8 зауыт болған, қазір толық қанды істеп тұрған 2 зауыт.

    2. «ҚазАгро Қаржы» және АКК арқылы несиелендіру бағдарламалары бойынша шаруа қожалықтары техника сатып алып, жылына 22 және 24 пайызбен қаражат алды, ал сатып алу бағдарламалары бойынша ағымдағы лизинг төлемдерін төлегеннен кейін пайыздық мөлшерлеме айырмасы 16 және 18 пайызды мемлекет тарапынан субсидиялауға жатып, іс жүзінде 6 пайызы шаруа қожалықтарының мойнына түсу керек еді. Алайда көбісінде бұл айырмашылық әлі төленген жоқ.

    3. «Кендал 2» бағдарламалары бойынша несиелендіру бойынша шаруа қожалықтарының белгілі бір өнімінің 1 гектарына бөлінген қаражат нормасы шындыққа сәйкес келмейді, өте төмен бағаланған және фермерлердің сұрамы бойынша кемінде 50 пайыз несие ақшалай берілсе. Несиені рәсімдеу мәселесі біршама құжаттарды жасауды талап етеді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басшылығы осыны ескерсе екен дейміз. Бұндай ұсыныстар Қаратал аданы фермерлері жиналысындада айтылды. Жиынға қатысқан «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалдары мамандары істеліп жатқан жұмыстары және 2025 жылғы жоспарлары туралы фермерлерге толық ақпарт берді.

    Қазақстан Республикасы фермерлер қауымдастығы Жетісу облысы бойынша филиалы басшысы Шәріпов Асқар Қалиұлы