Қаратал ауданында 2090 шаруа-фермер қожалықтары бар, оның 495 фермерлер қауымдастығы мүшелері. Былтырғы жылы аудан фермерлер көптеген жетістіктерге жетті. Егіс алқаптарын әртараптандыру сәтті жүзеге асырылды, минералды тыңайтқышты қолдану көлемі біршама ұлғайды, ал машина трактор паркінің жаңарту үлесі артып 35 шаруа қожалықтарына 65 жаңа техника бірлігі сатып алынды Фермерлеріміздің қажырлы еңбектерінің арқасында қант қызылшасынан биыл ауданда 47 мың тонна тәтті түбір жиналды. Оның 34,0 мың тоннасы Коксу қант зауытына,өңделгені 13 мың тоннасы Ақсу қант зауытына, қалғаны буртта жинақталуда.Мұның барлығы мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласына жасалып жатқан елеулі қолдаудың жемісі.
Сонымен қатар күрделеген мәселелер біршама:
1.Қант зауыттарының биылғы жылғы науқанға толық қанды дайын болмауы. Бізде кезінде 8 зауыт болған қазір толық қанды істеп тұрған 2 зауыт. Жамбыл облысында 3 зауыттың біреуі талан-таражға түсті, онда өсірілген қант қант қызылшасы қазір 900 км- дегі Ақсу қант зауытына тасымалданып, бізге біршама кедергі келтіруде.
2. Біздің облыста Мемлекеттің фермерлер алдындағы субсидия бойынша қарызы 12,5 млрд тенгені кұрауда.
3. Кендал» және «Кендал 2» бағдарламалары бойынша несиелендіру бойынша шаруа қожалықтарының белгілі бір өнімінің 1 гектарына бөлінген қаражат нормасы шындыққа сәйкес келмейді. Соны қайта қарсатыруға басшылыққа өтінім жазылса. «Кендала 2» бағдарламасы бойынша несиенің кемінде 50 пайызы ақшалай берілсе. Аударымдардың біршама құжаттарды рәсімдеуі үлкен кедергі.
4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін беру кезінде жұмысты жеңілдету және ашық ету мақсатында Республикада, облыстардың, барлық аудандарының жер комиссиясы қызметінің бірыңғай ережесін бекітілсе.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалдарымен тығыз қатынаста болуымыз керек. Бұл жұмыстарды келешектеде жандандырамыз.
Қазақстан Республикасы фермерлер қауымдастығы Жетісу облысы бойынша филиалы басшысы Шәріпов Асқар Қалиұлы