Перейти к содержимому

Агродрон – заманауи технология өнімі

    15 қаңтарда Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов «EXPO» Халықаралық көрме орталығында өткен «Yesil Techonology Comрany» компаниясы өндіретін инновациялық дрондардың презентациясына қатысты.

    Компания Астана және Алматы қалаларында төмен биіктіктегі ұшқышсыз ұшу аппараттарының өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр.

    Іс-шара аясында сараптамалық баяндамалар жасалды, дрондардың жұмысы көрсетілді және компания атынан Ауыл шаруашылығы министрлігіне дрондар табыс етілді.

    Сондай-ақ іс-шара барысында төмен биіктіктегі ұшқышсыз ұшу аппараттарын әртүрлі салаларда, оның ішінде ауыл шаруашылығында: егістік мониторингінде, дақылдарды нүктелік өңдеуде, бүркуде, зиянкестермен күресуде, тыңайтқыштар енгізуде және т.б. бағыттарда пайдаланудың заманауи мүмкіндіктері көрсетілді.

    Ауыл шаруашылығында пайдалануға арналған дрондардың 20 л, 50 л, 100 л жүк көтере алатындай түрлері бар екен. «Бағасы қанша» деген сұраққа компания өкілдері «жеке хабарласқандарға айтамыз» деп жауап беріп, байланыс телефондарын берді.

    Қызығушылық болса бізбен хабарласыңыздар.