Перейти к содержимому

Жиналыс

    14.01.2025 жылы Ескелді ауданында фермерлермен жиын өткізілді. Бұл ауданда 2109 шара-фермер қожалықтары бар, оның 585- сі фермерлер қауымдастығы мүшелері. Аудандық қауымдастықты үшінші жыл белгілі маман Ағыбаев Жанай басқарады. Бұл қауымдастықтың бір ерекшілігі олардың мүшелерінің негізі қант қызылшасын егумен шұғылданыды Былтырғы жылы егіс алқаптарын әртараптандыру сәтті жүзеге асырылды, минералды тыңайтқышты қолдану көлемі 1,9 есеге ұлғайды, су үнемдеу технологиясын енгізу 1,5 есеге, ал машина трактор паркінің жаңарту үлесі біршама өсті. Жеңілдікті несиелерді тиімді пайдалану үшін мемлекеттік қолдау тетіктеріне бірқатар өзгерістер енгізілді – олар фермерлерді субсидиялаудан несие берушілерді, техника, тыңайтқыштар шығаратын зауыттарды, суару суын жеткізушілерді субсидиялауға көшті. Бұл шаралар субсидиялардың ашықтығын арттырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайты.

    . Кепілсіздігі жетпейтін шаруаларды қаржыландыруды кеңейту үшін несие сомасының Үкімет тарапынан 85% кепілдігі енгізілді. Осы жаңалықтар туралы жиынға қатысқан «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалдары мамандары айтып берді. Аудан фермерлері облыстағы ең ірі қызылша өсірушілер қатарына жатады. Былтыр қант қызылшасынан ауданда көптеген қыйыншылыққа қармай рекордтық өнімі жиналды, Жиналыста бірқатар ұтымды ұсыныстар айтылды, оның ішінде әр ауылдық округтерінде фермерлер қауымдастығы жұмысын жандандыру және қауымдастық мүшелігі жаңа фермерлерді қабылдау туралы. Қазақстан фермерлер қауымдастығы Жетісу облысы бойынша филиалы басқарма басшысы Асқар Шәріпов.