10 қаңтарда Қауымдастықтың орталық кеңсесінде (Мәскеу,18) Аграрлық несие корпорациясы мен Агросақтандыру қауымдастығының өкілдерімен ауыл шаруашылығындағы сақтандыру жүйесінің проблемалық мәселелерін талқылау үшін кездестік.
Кездесу барысында Аграрлық несие корпорациясы Аймақтық даму департаментінің жобалар басшысы Әсемгүл Мұстафина ауыл шаруашылығын сақтандырудағы жаңалықтар, өзгерістер, жаңа өнімдер, былтыр 3 мамырда Қауымдастықтың облыстық филиалдары басшыларының және фермерлердің қатысуымен өткен скайп-кеңесте көтерілген мәселелердің шешілу барысы туралы, Агросақтандыру қауымдастығының Сақтандыру өнімдерін әзірлеу бөлімінің басшысы Әсем Мұхитбекова сақтандыру өнімдері мен төлем алу жолдарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу әдістеріне фермерлерге түсінікті болатындай түзетулер енгізіліп жатқаны туралы қысқаша айтып берді.
Өз тарпымыздан ауыл шаруашылығындағы сақтандыру жүйесін жетілдіру саласында бірлесіп жұмыс істеуге әзірлігімізді білдіріп, біраз сұрақтар қойып, ұсыныстарымызды бердік. Қонақтар ұсыныстарымызды дұрыс қабылдап, оларды басшылыққа алатындықтарын айтты.
Кездесуді қорытындылай келе Ермек Әбуов бірлесіп, ынтымақтастықта өзара тиімді жұмыс істеуге және Қауымдастық тарапынан ауыл шаруашылығындағы сақтандыру жүйесін дамытуға ат салысуға дайын екендігін білдірді.
Кездесу соңында өзара байланыс деректерімен алмасып, бірлесіп жұмыс істеуге келістік.
Ауыл шаруашылығындағы сақтандыру туралы тиісті ақпарат пен түсіндіру материалдары https://qalqan.kezekte.kz/ru/info-start порталында орналастырылған.