Перейти к содержимому

Кездесу

    Бүгін «Қазақстанның фермерлерінің қауымдастығы» Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Абуов ірі қара малдың қалмақ тұқымы республикалық палатасының директоры Мирас Ғаббасовпен кездесу өткізді.

    Өз тарапымыздан фермерлік қауымдастықтың ауыл шаруашылығын дамытудағы шешімін тауып жатқан және проблемалық мәселелерге тоқтала кетті.

    М. Ғаббасов етті бағыттағы ірі қара малдың тұқымдық сапасын жетілдіру және таралуын арттыру, Қазақстан Республикасының аумағында осы тұқымды мал басын фермерлік шаруашылықтарда көбейту және тарату туралы сөз қозғады.

    Бұл тұқым температураның күрт өзгеруіне ыстық құрғақ жаз және суық қыс, қысқы жайылымдарға жақсы бейімделген.

    Қазіргі таңда, қалмақ тұқымы негізінен оңтүстік өңірлерде шоғырланған. Республикалық палатаның мақсаты Абай, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарында мал басын фермерлік шаруашылықтарда дамыту.

    Е. Абуов сөзін қорытындылай келе алдағы уақытта республикалық ірі қара мал палатасымен бірлесіп өзара тиімді жұмыс істеу қажеттігін алға тартып, Қауымдастық тарапынан қол ұшын беруге әрдайым дайын екендігін білдірді.