Перейти к содержимому

Марапаттау

    2024 жылғы 20 желтоқсанда Қызылорда қаласының Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу инстутының ғимаратында Қазақстан фермерлері қауымдастығының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Б.Бөгетовтың, «Ауыл» партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы С.Өмірзақовтың, мәслихат депутаттарының, қауымдастық мүшелерінің, ғылыми қызметкерлердің қатысуымен 2024 жылы облыстың ауыл шаруашылығы саласында атқарылған іс-шаралар барысын қорытындылау аясында, сонымен қатар ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күніне орай, сала ардагерлерін, еңбек озаттарын марапаттау шаралары өтті.

    Менің әкем — Мұхамеджан Үрпеков, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалымен марапатталды. Әкемнің ерен еңбегін, озат механизатор болғанын жоғары бағалаған Қазақстан фермерлері қауымдастығына рахмет!

    Алдағы 2025 жыл Қазақстан Республикасы Президенті Қ-Ж.К.Тоқаевтың Жарлығымен «Жұмысшы мамандықтары» жылы етіп жарияланды Алдағы жылдары ауыл шаруашылығы саласының өсіп, өркендей беруіне шын жүректен тілектеспін!

    Бекежан Мұхамеджанұлы.