20 желтоқсанда Басқарма төрағасы Жигули Дайрабаевтың қатысуымен Қауымдастығымыздың облыстық филиалдары басшыларымен кезекті скайп-кеңес өтті. Жиналыста филиал басшыларының жылдық жұмыс қорытындысы талқыланып, алдағы жоспарлар мен міндеттер белгіленді.
Кеңесте Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов Қазақстан фермерлері қауымдастығының атқарған жұмыстары, филиал басшыларының жылдық жұмыс қорытындысы туралы баяндама жасап, әр филиал басшысының жұмысына жеке-жеке сипаттама берді.
Содан соң Басқарма төрағасының орынбасары Жәнібек Кенжебаев Қауымдастық тарапынан атқару жоспарланып отырған бірнеше жоба туралы өз ойымен бөлісті.
Кеңесті қорытындылай келе Басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев облыстық филиал басшыларына келесі жылы жұмысты одан әрі жандандыру қажеттілігі туралы айта кетіп, ауыл шаруашылығын және ауылды дамыту аясында Қауымдастықтың жергілікті жерлердегі жұмысын қолға алу бағытында, атап айтқанда, ауыл шаруашылығын субсидиялауға, сақтандыруға, салық мәселесіне және т.с.с. қатысты нақты он тапсырма берді.