Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан Фермерлер Қауымдастығының төрағасы А.Алибеков 2024 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде қорытынды жасады.
Түйе шаруашылығын дамыту жөнінде, өсімдік шаруашылығы мен бау-бақша саласындағы кәсіпкерлерді қолдау субсидия бөлу мәселелері қаралды.Ауылшаруашылығына көңіл бөлу жылқы, сиыр, түйе, қой сияқты төрт түліктің санын арттыру, жаңадан зауыттар ашып, сүт өнімдерін шығару бойынша мәселелер талқыланып ұсыныстар айтылды.