11 желтоқсан2024 жылы Жуалы ауданында шаруа қожалық басшыларымен сыр заводында кездесу өткіздім. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Куньязов Рахымғазы ауданның ауылшаруашылығы бөлімі басшылығы қатысты. Кездесуде шаруалар мемлекет тарапынан берілетін субсидиялардың уақытысында берілмейтіндігі туралы айтты . АКК ,Казагрофинанс тарапынан берілетін қаржының өздеріне тиесілі 6 пайызын уақытылы төлеуге дайын екендіктерін бірақ олар мемлекет төлейтін 16 пайызын мәжбүрлеп төлеттіретіне наразылықтарын айтты . Сонымен қатар аудан фермерлер одағының филиал төрағалығына сыр заводының басшысы Пошқаев Әбдібек Үйкекбайұлын бірауыздан сайлады. Осы жиында фермерлер одағына 31 шаруа қожалығы қабылданды.
Қазақстан фермерлер Қауымдастығы Жамбыл облысы бойынша филиалы басқарма басшысы Дулат Сұлтанбеков.