Бүгін облысымызда Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай мерекелік іс шара өткізілді.
Шара барысында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғимараты алаңында ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылып және ауыл шаруашылығы стендтері таныстырылды.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті тақырыптарда семинарлар өткізілді.
Өткізілген семинар тақырыптары:
1. Мал азықтық дақылдарды өсіру, тыңайтқыштар қолдану және су қорларын пайдалану технологиялары;
2. Фермадан экспортқа: халықаралық нарыққа шығу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің негізгі аспектілері;
3. Өңіріміздегі сүтті мал шаруашылығының дамуы мүмкіндіктері.
Бүгінде облыстың ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттiк қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, өңір экономикасын дамытуда және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруда жетекші күшке айналып отыр.
Бұл бағытта бүгінгі күні жүйелі жұмыстар жүргізіліп, ауыл шаруашылығында еңбек ететін еңбеккерлеріміз осы саланы дамытуға сүбелі үлес қосып келеді.
Осындай жетістіктері сараланып, еңбектері бағаланатын ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары
Қалияр Шадиярұлы қатысып, еңбеккерлерімізді төл мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар биылғы жылғы жеткен жетістіктерге атсалысып, аянбай тер төккен еңбеккерлерге алғысын білдіріп, бірқатар азаматтарды ҚР ведомствалық «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгілерімен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы және әр түрлі номинация бойынша облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Салтанатты іс шара ары қарай мерекелік концертпен жалғасын тапты.
Қазақстан фермерлер Қауымдастығы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы басқарма басшысы Серік Жанисов.