Перейти к содержимому

    30 қараша күні Қазақстан фермерлері қауымдастығының Жамбыл облыстық филиалының басшысы Дулат Әбенұлы Сұлтанбеков Жамбыл ауданында өткізілген ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысып, үздік шаруаларға Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қауымдастықтың марапаттарын тапсырды. Аталмыш жиынға 300-ге жуық шаруа қатысып, іс-шара үлкен дәрежеде өтті.