Перейти к содержимому

Жетісу облысында фермерлер үшін әлументтік базар жұмыс жасауда

    30 қараша 2024 жылы Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі 19, «Арман зауыты аялдамасы» әдресінде орналасқан ӘЛЕУМЕТТІК БАЗАРДА ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІК ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҚ ФЕРМЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘРМЕНКЕСІ өтті. Онда Жетісу облысының фермерлеріне ТЕГІН жылы сауда орындары беріліп, ал сатып алушыларға ауыл шаруашылық өнімдері нарықтан 10-15 пайыз төменгі бағамен сатылды. Болашақта бұл базар ортадағы «алып сатарларды» барынша қысқартып, фермерлердің тауарларының «алқаптан базарға» тікелей жеткізілуіене мүмкіншілік береді. Бұндай байланысты фермерлер үшін үздіксіз жалғастыру көзделіп отыр.

    Қазақстан Фермерлер Қауымдастығы Жетісу облысы бойынша филиалы басқарма басшысы А.Қ. Шәріпов.