20 қарашада Қауымдастықтың орталық кеңсесінде Қытай Халық Республикасының Шэньчжэнь қаласының «Бір белдеу, бір бағыт» халықаралық ынтымақтастық қауымдастығының бас хатшысы Қарлығаш Мыңжасаровамен кездестік.
Кездесу барысында Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов Қауымдастықтың атқаратын жұмыстары, алға қойған міндеттері және жалпы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы әлеуеті мен екі ел арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы қысқаша айтып берді.
Қарлығаш Мыңжасарова Қауымдастықпен кездесу мақсаттары және ауыл шаруашылығы саласындағы байланыстарды нығайтып, одан әрі дамыту туралы сөз қозғады.
Өз тарпымыздан кытайлық инвесторлармен ауыл шаруашылығы, оның ішінде қайта өңдеу саласында бірлесіп жұмыс істеуге әзірлігімізді білдіріп, бір-екі дайын жобалар бойынша қытайлық инвесторларды тарту жөнінде ұсыныстар бердік. Қарлығаш Мыңжасарова ұсыныстарымызды мақұлдап, үйлестіруші ретінде көмек көрсетуге дайын екендігін айтты.
Кездесуді қорытындылай келе Ермек Әбуов аталмыш кездесудің құр бос әңгіме болып қалмауын, келешекте бірлесіп, ынтымақтастықта өзара тиімді жұмыс істеу қажеттігін алға тартып, Қауымдастық тарапынан қытайлық инвесторларға қол ұшын беруге әрдайым дайын екендігін білдірді.
Кездесу соңында өзара байланыс деректерімен алмасып, жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткіздік.