28 қазан күні Ұлттық кітапхананың Мұқағали Мақатаев атындағы залында бір топ ауыл еңбеккерлерін Республика күніне орай мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау рәсімі өтті.
Марапатталушылардың қатарында Қазақстан фермерлері қауымдастығы ұсынған бірнеше азамат болды.
Атап айтқанда, Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қауымдастықтың келесідей белсенді мүшелері мынадай жоғары наградалармен марапатталды:
«Құрмет» орденімен – Қостанай облысы, «Шоқан» ШҚ басшысы Жаманов Нұрлан Айтқұлұлы;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен – Жамбыл облысы, «Береке» ШҚ басшысы Сұлтанбаев Ғабит Өмірбайұлы;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен – Ұлытау облысы, «Бұрхан» ШҚ басшысы Сатыбалдин Қанат Жалғасбайұлы марапатталды.
Марапаттар құтты болсын!
Фермерлердің еңбектері жоғары бағалана берсін!